Жас қаһармандар: Қарағандыда «Жас құтқарушы» облыстық жарыстары өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қарағанды қаласының Орталық саябағында дәстүрлі «Жас құтқарушы» облыстық жарыстары өтті. Биылғы жарысқа қалалық және аудандық кезеңдердің жеңімпаздары – 100-ден астам мектеп оқушысы қатысты. Қарағанды облысының түкпір-түкпірінен келген 10 команда үздік атану үшін өзара бақ сынасты.

Жарыстың мақсаты – оқушыларға қауіпсіздік негіздерін, төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарды, алғашқы медициналық көмек көрсету және командада жұмыс істеу дағдыларын үйрету. Бұл тек жарыс қана емес, болашақ құтқарушыларды тәрбиелеудегі маңызды қадам.

Жарыс қорытындысы бойынша:
I орын – Теміртау қаласы Ақтау кентінің №32 ЖББМ
II орын – Осакаров ауданының №12 тірек мектебі
III орын – Рахим Асубаев атындағы ЖББМ

Жеңімпаздарға дипломдар, медальдар мен естелік сыйлықтар табысталды. Сондай-ақ жарыстың жекелеген кезеңдерінде үздік нәтиже көрсеткен қатысушылар арнайы марапаттарға ие болды.

Қарағанды облысы ТЖД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-karaganda/press/news/details/1226822?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді