
✔️Түркістан қаласында өткен «TURKISTAN – 2026: Қожа Ахмет Ясауи мұрасын дәріптеу және ішкі туризмді дамыту» атты республикалық конференция аясында республикалық мәслихат депутаттарынан құралған делегация Ордабасы ауданына арнайы келіп, ауданның өндірістік және туристік әлеуетімен танысты.
✔️Іс-сапар барысында қонақтарды арнайы аудан әкімі Азат Оралбаев қарсы алып, аудан көлемінде жүзеге асырылып жатқан жұмыстар мен маңызды жобаларды жан-жақты таныстырды.
✔️Алдымен делегация мүшелері Бадам ауылында орналасқан «Бөрте Милка» өндірістік кешенінде болып, кәсіпорынның жұмыс барысымен танысты. Өндіріс орнында сүт өнімдерін өңдеу технологиясы, кәсіпорынның өндірістік мүмкіндігі мен өнім сапасын бақылау жүйесі көрсетілді. Қонақтар өңірдегі өндіріс саласының даму қарқынына оң бағасын білдіріп, мұндай кәсіпорындардың ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті.
✔️Одан әрі делегация Темірлан ауылындағы этноауылға барды. Ұлттық нақышта безендірілген этноауылда қонақтарға халқымыздың салт-дәстүрі насихатталып, ұлттық тағамдар ұсынылды. Бұл өз кезегінде ауданның туристік әлеуетін танытуға бағытталған тағылымды кездесу болды.
✔️Сапар аясында меймандар Қажымұқан Мұңайтпасұлы музейіне арнайы ат басын бұрып, тарихи тұлғаның өмір жолы мен рухани мұрасымен танысты. Музейдегі тарихи жәдігерлер мен құнды деректер қонақтардың қызығушылығын арттырып, ұлттық тарихқа деген құрметті тереңдете түсті.
✔️Аталған кездесу өңірдің тарихи-мәдени құндылықтарын кеңінен насихаттауға, ішкі туризмді дамытуға және өзара тәжірибе алмасуға бағытталған маңызды алаңға айналды.
Ордабасы ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-ordabin-audany/press/news/details/1226984?lang=ru

Жауап қалдыру