
Түркістан қаласы әкімдігінің 2025–2026 жылдарға арналған жоспарлы инфрақұрылымдық жобалары аясында Отырар секторына қарасты Жолымбек көшесінде жол жөндеу жұмыстары жүргізілуде.
Жоба шеңберінде ұзындығы 3 шақырымды құрайтын көшенің жол жабыны толық жаңартылып, жаяу жүргіншілерге арналған аяқжол салу көзделген.
Қазіргі таңда жолдың ескі асфальт қабатын фрезалау жұмыстары толық аяқталып, мердігер мекеме тарапынан аяқжол құрылысы қарқынды түрде жалғасуда.
Жоспарға сәйкес, көшеге жаңа асфальт төсеу жұмыстары ағымдағы жылдың мамыр айының алғашқы онкүндігінде толық аяқталады деп күтілуде.
Жалпы, Түркістан қаласы әкімдігінің бастамасымен 2025–2026 жылдары жалпы ұзындығы 138,5 шақырымды құрайтын 159 көшеде жол жөндеу жұмыстары жүзеге асырылуда.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kalasy/press/news/details/1226983?lang=kk

Жауап қалдыру