
Ауқымды спорттық шара «AMANAT» партиясы жанындағы «Жастар Рухы» жастар қанатының Батыс Қазақстан облыстық филиалының бастамасымен ұйымдастырылды. Аталған жоба Орал қаласында үшінші рет өткізіліп отыр және жыл сайын жастардың қызығушылығын арттырып келеді.
Жобаға 2000-нан астам жас пен жасөспірім қатысты. Бастаманың негізгі мақсаты – өскелең ұрпақ арасында салауатты өмір салтын насихаттау, бұқаралық спортты дамыту, жастардың спортқа деген қызығушылығын арттыру және есірткі мен зиянды әдеттерге қарсы саналы көзқарас қалыптастыру.
Іс-шара барысында түрлі спорттық жарыстар, көрсетілім қойылымдары мен танымал спортшылардың қатысуымен мотивациялық кездесулер ұйымдастырылды. Қатысушылар өздерінің шеберліктерін шыңдап, белсенді өмір салтын ұстанудың маңызын көрсетті.
Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жобалар жастар арасында тәртіпті, жауапкершілікті және патриоттық құндылықтарды нығайтуға ықпал етеді. «Чемпиондық рух» жобасы спортты серік еткен белсенді жастардың басын қосқан маңызды алаңға айналды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bko/press/news/details/1227019?lang=ru

Жауап қалдыру