Абай облысында жас жол инспекторларының слеті өтті: балалар ересектерге өмірді бағалауды үйретуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Өткен жылдың өзінде ғана Абай облысында жол-көлік оқиғаларынан 12 бала қаза тапқан. Сондықтан бүгінде балалар қауіпсіздігі тақырыбы жай ғана ресмилік емес, адам өмірімен тікелей байланысты маңызды мәселе болып отыр.

👮‍♂️Осыған орай өңірде жас жол инспекторларының облыстық слеті — ЖЖИ өтті. Іс-шара Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Заң және Тәртіп — қауіпсіз балалық шақтың кепілі» жылы аясында ұйымдастырылды.

Облыстың 12 аудан-қаласынан келген командалар жол қозғалысы ережелерін білу, велосипедті шебер жүргізу, реттеуші дағдылары, алғашқы көмек көрсету және үгіт-насихат жұмыстары бойынша сынға түсті.

Слеттің басты мақсаты — жарыс өткізу емес, қауіпсіздікті өмірлік мәдениет ретінде қабылдайтын ұрпақ қалыптастыру.

«Балалардың жол қозғалысы ережелері адам өмірінің құнымен жазылғанын түсінуі өте маңызды», — деді Абай облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция полковнигі Жасұлан Байкенов.


Байқау қорытындысы бойынша:
🥇 бірінші орынды Бородулиха ауданының «Бағдаршам» командасы,
🥈 екінші орынды Курчатов қаласының «Зымыран» командасы,
🥉 үшінші орынды Мақаншы ауданының «Намыс» командасы иеленді.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, бүгінгі жас инспекторлар — ертеңгі жүргізушілер, жаяу жүргіншілер және ата-аналар. Олар қауіпсіз қоғам мәдениетін қалыптастыратын болады.

‼️Өйткені кейде жолдағы бір сәттік мұқияттылық тұтас бір өмірді сақтап қалуы мүмкін.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1227037?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді