«Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында Ақтөбеде 11 абаттандыру жобасы жүзеге асырылуда

Жарияланды:

Автор:

категорияда

 

Осы мақсатқа 1,2 млрд теңге бөлінген. Аулаларды абаттандыруға арналған барлық жобаның қала тұрғындарының өздері әзірлеген.

Облыс әкімі Ақтөбе қаласындағы аулалық аумақтар бойынша жұмыс сапары барысында «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы шеңберіндегі жобалардың іске асырылу барысымен танысты.

Нысандардың бірі — Маресьев көшесі, №2 Д үй ауласы. Мұнда қоғамдық кеңістікті абаттандыру жұмыстары жүргізілуде. «ASLANTALAP» мүгедектер қоғамдық бірлестігі мердігер ұйымы 29 млн теңге көлеміндегі жобаны іске асырып жатыр. Жұмыс аясында орындықтар, қоқыс жәшіктері, ойын жабдықтары және балалар мен ересектердің демалысына арналған басқа да жабдықтар орнатылып, жаңартылуда.

Нысанды аралау барысында аймақ басшысы Асхат Шахаров тұрғындармен кездесті. Қала Ақтөбе.  мұндай бастамалардың өзекті екенін айтып, аулаларда қолайлы орта қалыптастырғаны үшін алғыс білдірді.

«Ең алдымен, жүзеге асырылып жатқан жобалар балалардың қауіпсіздігі мен жайлылығына бағытталған. Біз олардың ата-анасының бақылауымен аулада еркін ойнауына жағдай жасап отырмыз. Қалада абаттандыру бойынша бірқатар маңызды мәселе шешімін тапты: қоқыс шығару жүйесі жолға қойылды, көшелерді тазалау және суаруға арналған арнайы техника паркі жаңартылуда, жолдар мен қоғамдық кеңістіктер кезең-кезеңімен жөнделуде. Барлық мәселені бірден шешу мүмкін емес, бірақ жұмыстар жүйелі түрде жүргізілуде», — деді өңір басшысы.

2025–2026 жылдарға арналған «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында 156 өтінім түсіп, олардың 76-сы мақұлданған, 57-сі қажетті дауыс жинаған, ал 11 жоба қаржыландырылған. Жаңа балалар және спорт алаңдары Х. Досмұхамбетов көшесі №18г/1, 18г/2, Ағ.Жұбановтар көшесі №308/2, Сазды-2 шағын ауданы №408–410, Тургенев көшесі №98/5, Қанағат тұрғын алабы, 11-шағын аудан №114–115 және басқа да мекенжайларда салынатын болады. Барлық 11 жобаны жүзеге асыруғв «ASLANTALAP», «Қамқор Сұңқар», «Jas urpaq» және «Талап» мердігер ұйымдары жауапты.

Сондай-ақ облыс әкімі Бөкенбай батыр көшесі, 41-үй аумағында салынып жатқан жаңа сквер құрылысын бағамдады. Бұрынғы автотұрақ орнына балалар мен спорт алаңдары бар заманауи аллея бой көтереді. Жобаға жауапты «BDkair» құрылыс компаниясы 187 млн теңгені төленген.

«Қала абаттандыру мен инфрақұрылым саласындағы түрлі міндеттерді кезең-кезеңімен шешу арқылы дамып келеді. Аулалар, жолдар және қоғамдық кеңістіктердің жаңарып жатқанын көріп отырмыз, бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасады. Жаңа жобаларды іске қосумен қатар, олардың сапасын қамтамасыз ету де маңызды, тұрғындар күнделікті өмірде нақты өзгерістерді сезінуі тиіс», — деді облыс әкімі Асхат Шахаров. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe/press/news/details/1227050?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді