ЕР ЕРЛІГІ – ЕЛ ЕСІНДЕ!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бүгін, 21 мамыр күні Қазақстандағы Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің Атырау облысы бойынша өкілі Амангелді Абдолов Ұлы Отан соғысының ардагері, аты аңызға айналған марқұм майдангер Кенжебай Мәденовтің ұлы Махамбет Кенжебайұлымен кездесті.

Кездесуге ҚР ҰҚК органдарының ардагерлері” РҚБ Атырау облыстық филиалының төрағасы Роман Мақсотов қатысты.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жарлығымен жоғары дәрежелі ерекшелік белгісі — “Халық қаһарманы” атағы беріліп, “Алтын жұлдыз” айрықша ерекшелік белгісі және “Отан” орденімен марапатталған болатын (өлгеннен кейін).

8 мамырда Ұлы Жеңістің 81-жылдығына арналған жиында Ақордада майдангерге осы награданы президент өз қолымен майдангердің ұлы Махамбет Маденовке ұсынған болатын.

«29 апреля в центре города развернулись наиболее ожесточенные сражения. На ратушу наступали 1008-й стрелковый полк (командир — полковник В. Н. Борисов) и 1010-й полк (командир — полковник М. Ф. Загородский) 266-й стрелковой дивизии. Первым сюда ворвался взвод лейтенанта К. Маденова. Вместе с отважным лейтенантом смело действовали бойцы Н. П. Кондрашев, К. Е. Крютченко, И. Ф. Кашпуровский и другие. Они закидали вестибюль и коридоры ручными гранатами. Каждую комнату приходилось брать в бою…», – осылайша генерал Г.Жуков жауынгер К.Маденовтың ерекше ерлігі туралы өзінің «Воспоминания и размышления» естелік кітабының 3 томында жазған болатын.

1943 жылы 18 жасар Кенжебай Мәденов өз еркімен майданға аттанып, Украина мен Польшадан Берлинге дейінгі жауынгер жолын еңсерген. Ұлы Отан соғысында көрсеткен ерлігі үшін екі дүркін “Қызыл Жұлдыз” орденімен және бірқатар жауынгерлік медальмен марапатталған. Офицердің ерен ерлік танытқан сәті 1945 жылғы 29 сәуірде өз взводымен бірге Берлиннің орталығындағы маңызды әкімшілік нысан саналатын Ратуша ғимаратына шабуыл жасап, төбесіне Қызыл ту тігуі.

Соғыстан оралғаннан кейін Кенжебай Мәденов ұзақ жылдар бойы мемлекеттік қауіпсіздік органдарында жұмыс істеп, елге адал қызмет етті.

Кенжебай Маденов 1974 жылы 50 жасына қараған шағында қайтыс болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/1227096?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді