ТҮРКІСТАНДА СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ САЛТАНАТТЫ ШАРАСЫ ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔰Бүгін еліміздегі барлық мектептерде соңғы қоңырау сыңғыры естіліп, түлектердің мектеппен қоштасуы ұйымдастырылуда. Түркістан облысында да бұл күн «Заң және тәртіп – халықтық Конституция құндылықтары» тақырыбында ұйымдастырылып, білім беру ұйымдарында бала қауіпсіздігін қамтамасыз етуге арналған арнайы тәрбие сағаттары өткізілді.
🔰Облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев Түркістан қаласындағы №28 мектебінде өткен салтанатты іс-шараға арнайы қатысып, ұстаздар мен оқушыларды оқу жылының сәтті аяқталуымен құттықтады. Шара барысында ол білім саласында аянбай еңбек етіп жүрген ұлағатты ұстаздарға алғысын білдіріп, мектеп бітіруші түлектерге ақжолтай тілегін жеткізді.
📌– Сіздер – елдің ертеңі, тәуелсіз Қазақстанның жарқын болашағысыздар. Білім алып, ғылым жолында ізденіп, биік белестерді бағындырыңыздар. Ұстаздарыңыздың үмітін ақтап, ел дамуына үлес қосатын азамат болуларыңызға тілектеспін, – деген Ертай Кенжебекұлы үздік түлектер мен дарынды оқушыларға білім берген озат ұстаздарға құрмет көрсетті.
🔰Аталған білім ордасында 2025-2026 оқу жылын 1761 оқуші аяқтап отыр. Мұндағы балалардың барлығы да талантты, дарынды, білімді. Қазіргі таңда мектеп 2 ауысымда жұмыс істейді. Мұнда 200-ге жуық педагог еңбек етеді. Биыл 11-сыныпты 65 түлек тәмемдаса, олардың ішінде 4 оқушы «Алтын белгіге», 8 оқушы «Үздік атестатқа» үміткер.
🔰Салтанатты шара барысында түлектер ұстаздарына алғыс айтып, мектеппен қимай қоштасты. Ұстаздар қауымы түлектерге ақ жол тілеп, болашақ өмірге басқан қадамдары сәтті болуына тілек айтты.
🔰Айта кетейік, 2025-2026 оқу жылында Түркістан облысында 35 294 оқушы 11-сыныпты тәмамдады. Оның ішінде 2 416-сы «Алтын белгіге» үміткер болса, 3 141 оқушы «Үздік аттестатқа» үміткер атанды. Сонымен қатар Ұлттық бірыңғай тестілеуге қатысуға 31 535 оқушы өтінім білдірген.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1227507?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді