
2026 жылдың 22 мамырында Қостанай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімі басшысымен «Азаматтарға арналған үкімет» Мемлекеттік корпорациясы» филиалының қызметкерлеріне заңды тұлғаларды тіркеу және жылжымайтын мүліктерді құқықтарды тіркеу бойынша семинар өткізілді.
Семинарда енгізілген өзгерістерге, сондай-ақ коммерциялық емес заңды тұлғаларды тіркеуден бас тартудың негізгі себептеріне ерекше назар аударылды.
Іс-шара барысында семинар қатысушыларының қойған сұрақтарына жауаптар берілді.
Қостанай облысы
Әділет департаментінің
Баспасөз қызметі
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1227743?lang=ru

Жауап қалдыру