БҰҰ АзТМЭƏК-мен қол жеткізілген уағдаластықтарды практикалық іске асыру мəселелері ұйымның Бангкок қаласындағы штаб-пəтерінде талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бангкок, 2026 жылғы 22 мамыр — Қазақстан Республикасының БҰҰ АзТМЭƏК жанындағы Тұрақты өкілі Марғұлан Баймұхан БҰҰ Бас хатшысының орынбасары жəне АзТМЭƏК Атқарушы хатшысы профессор Армида Салсия Алисджабанамен Комиссияның Бангкок қаласындағы штабпəтерінде кездесті. Кездесу барысында тараптар 2026 жылғы 20–24 сəуір аралығында өткен Комиссияның 82-сессиясында қабылданған шешімдерді іске асыру мəселелерін талқылады. Кездесудің негізгі тақырыбы Алматы қаласында орнықты даму үшін БҰҰ АзТМЭƏК Цифрлық шешімдер орталығын құру туралы резолюцияны іске асырудың мерзімдері мен кезеңдерін келісу болды.

БҰҰ жүйесіндегі аталған жаңа институтты құру туралы шешім Комиссияның 82-сессиясы барысында Ұйымға мүше 52 мемлекеттің консенсусымен қабылданды. Кездесу барысында сондай-ақ Қазақстанның 2026–2027 жылдарға арналған БҰҰ АзТМЭƏК-ның Технологиялар трансферті жөніндегі АзияТынық мұхиты орталығының (APCTT) Басқарушы кеңесінің мүшесі ретіндегі қызметі, оның ішінде технологиялар трансферті саласында өңірлік тəсілдерді
əзірлеу жəне Азия-Тынық мұхиты өңіріндегі технологиялық алшақтықты қысқартуға жəрдемдесу мəселелері талқыланды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-thailand/press/news/details/1228503?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді