Сыңғырла, соңғы қоңырау!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
🔔 Құрметті ұстаздар, жас түлектер және ардақты ата-аналар!
🔔 Сіздерді соңғы қоңырау мерекесімен шын жүректен құттықтаймын!💐👏
🔔 Әр мектепте соңғы қоңырау мерекесі — бұл мектеп тарихына енетін көңілді, әрі қуанышты сәт.
🔔 Бүгін, 25.05.2026 жылы Қаратау қаласындағы Шохан Уәлиханов орта мектебінде өткен соңғы қоңырауға қатыстым.
🔔 Шохан Уәлиханов орта мектебінде биыл 25 түлек мектеп бітіреді. Оның ішінде 1 алтын белгі, 1 үздік аттестат иегері. Жас түлектерді алда үлкен сын күтіп тұр. Барлықтарыңызға Ұлттық Бірыңғай тестілеуден абыроймен өтіп, Қазақстанымыздың білікті маманы атануларыңызға тілектеспін.
🔔 Биылғы оқу жылын сәтті аяқтап, келесі сыныпқа аяқ басқан барлық мектеп оқушыларына жазғы демалыстарын жақсы өткізіп, күш жинап, жайдары көңіл күймен жаңа оқу жылына оралуларыңызға тілектеспін.
🖋 Құрметпен, Талас аудандық мәслихатының төрағасы Садубаев Қәдірбек Рысқұлбекұлы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-talas/press/news/details/1228667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді