ШҚО полицейлері жауынгерлік және кәсіби даярлықтарын жетілдіруде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полицейлері жауынгерлік және кәсіби даярлықтарын жетілдіруде

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының қызметкерлері Риддер қаласы полиция бөлімінің жеке құрамымен оқу-жаттығу жиындарын өткізді. Іс-шара қызметкерлердің қызметтік, атыс және тактикалық даярлық деңгейін арттыруға бағытталды.

Жаттығу барысында полицейлер атыс қаруынан және арнайы мақсаттағы қарудан практикалық атыс дағдыларын пысықтап, граната лақтыру жаттығуларын орындады, сондай-ақ түрлі қызметтік жағдайда арнайы құралдарды қолдану алгоритмдерін жетілдірді.

Жиын аясында қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау, қызметкерлердің өзара үйлесімді іс-қимылын қалыптастыру және шынайы жағдайға барынша жақын ортада жедел шешім қабылдау машықтарын дамытуға ерекше назар аударылды.

Мұндай оқу-жаттығу іс-шаралары тұрақты түрде өткізіліп, ішкі істер органдары қызметкерлерінің кәсіби даярлығының маңызды бөлігі болып табылады. Бұл жеке құрамның тәжірибелік дағдыларын шыңдап, қызметтік міндеттерді сапалы орындауға әзірлігін арттыруға және азаматтардың қауіпсіздігін жоғары кәсіби деңгейде қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1228890?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді