
Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Мемлекеттік мүлік туралы» Қазақстан Республикасы Заңы 14-бабының 26-7) тармақшасына енгізілген өзгерістерге байланысты келесіні хабарлайды.
Мемлекеттің жүз пайыз қатысуы бар акционерлік қоғамдар мен жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің директорлар кеңесінің (байқау кеңесінің) құрамына тәуелсіз директорларды (тәуелсіз мүшелерді) іріктеу бойынша ашық конкурс мемлекеттік мүлік жөніндегі уәкілетті органмен мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы өткізілетін болады. Кандидаттарды іріктеу бойынша барлық процедуралар мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталы арқылы жүзеге асырылады. Конкурсқа қатысу үшін https://keneste.e-qazyna.kz/kz/start сайтына тіркеліп, тәуелсіз директор лауазымына кандидаттарды іріктеу сервисінен өту қажет.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1228921?lang=ru

Жауап қалдыру