
🔹15 мамыр күні Атырау облысы Әділет департаменті өкілдерінің қатысуымен Халел Досмұхамедов атындағы Атырау университеті базасында университет түлектерін жұмыспен қамтуға және еңбек нарығына бейімдеуге бағытталған бос жұмыс орындары жәрмеңкесі өткізілді.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жұмыс іздеуші азаматтарға тұрақты жұмыспен қамтылуға мүмкіндік жасау, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар бойынша ақпарат беру және жұмыс берушілер мен үміткерлер арасында тікелей байланыс орнату болды.
Жәрмеңке барысында қатысушыларға қолданыстағы бос жұмыс орындары туралы мәліметтер ұсынылып, еңбек заңнамасы мен жұмыспен қамту бағытындағы мемлекеттік қолдау шаралары бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар, азаматтарға мамандық таңдау, жұмысқа орналасу тәртібі және еңбек қатынастары мәселелері бойынша кеңестер берілді.
Іс-шара аясында жастар мен жұмыс іздеуші азаматтарға мемлекеттік қызметтің артықшылықтары мен мүмкіндіктері түсіндіріліп, мемлекеттік қызметке орналасу тәртібі жөнінде ақпарат берілді. Қатысушыларға мемлекеттік қызметтің қоғам алдындағы жауапты әрі мәртебелі сала екені айтылып, ел игілігі жолында қызмет етуге шақыру жүргізілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-atr/press/news/details/1229409?lang=ru

Жауап қалдыру