Алматы облысы Мәдениет, архивтер және құжаттама басқармасына қарасты «Алатау әуендері» концерттік ұйымының құрамындағы «Құлансаз» фольклорлық-этнографиялық ансамблі 2026 жылғы 4–7 маусым аралығында Марокко Корольдігінің Фес қаласында өткен XXIX Дүниежүзілік киелі музыка фестиваліне қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Фестивальдің салтанатты ашылу рәсімінде ансамбль халықаралық сахнада өнер көрсетіп, қазақтың дәстүрлі музыкасы мен ұлттық мәдениетін таныстырды.

Мәдени іс-шараға әлемнің 40-қа жуық елінен келген өнер ұжымдары қатысып, өз елдерінің рухани және мәдени құндылықтарын көпшілік назарына ұсынды. Ансамбль мүшелері халықаралық көрерменге халқымыздың бай мәдени мұрасы мен рухани қазынасын паш етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almobl-cultura-arhiv/press/news/details/1236977?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді