
Қызылащы ауылдық округінде «Әке – өмір айнасы» тақырыбында танымдық-тәрбиелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шараның мақсаты – әкенің отбасындағы мәртебесін арттыру, әке тәрбиесінің маңыздылығын насихаттау, отбасы құндылықтарын дәріптеу, жас ұрпақтың бойында жауапкершілік, еңбекқорлық және патриоттық қасиеттерді қалыптастыру.
Іс-шара барысында қатысушылар әкенің бала тәрбиесіндегі рөлі, отбасы бірлігін сақтаудағы жауапкершілігі туралы ой бөлісіп, өнегелі әкелердің өмірлік тәжірибелері таныстырылды. Сонымен қатар, отбасы мүшелері арасындағы өзара сыйластық пен құрметтің маңыздылығы айтылды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1241405?lang=ru

Жауап қалдыру