Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласында өткен «Пәкістан мен Орталық Азиядағы қоныс аударған ауғандар үшін көші-қонды басқаруды және қызметтерге қолжетімділікті жақсарту» өңірлік жобасы аясындағы дөңгелек үстелге қатысты.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 9 маусымда Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілдің Шымкент қаласы бойынша өкілі Н. Абдезов Шымкент қаласында өткен «Пәкістан мен Орталық Азиядағы қоныс аударған ауғандар үшін көші-қонды басқаруды және қызметтерге қолжетімділікті жақсарту» өңірлік жобасы аясындағы дөңгелек үстелге қатысты.

🔷 Іс-шара барысында жоба шеңберінде жүзеге асырылған шаралар мен қол жеткізілген нәтижелер, сондай-ақ оның тұрақтылығын қамтамасыз ету мәселелері талқыланды.

🔷 Кездесуге мемлекеттік органдардың, халықаралық ұйымдардың және азаматтық қоғам өкілдері қатысып, көші-қон саласындағы өзекті мәселелер, адам құқықтарын қорғау тетіктері және халықтың осал топтарының құқықтарын қамтамасыз ету бағытындағы өзара іс-қимыл мәселелері бойынша пікір алмасты.

🔷 Дөңгелек үстел қорытындысы бойынша қатысушылар көші-қон процестерін тиімді басқару және қызметтердің қолжетімділігін арттыру бағытындағы ынтымақтастықты одан әрі дамыту қажеттігін атап өтті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-shymkent/press/news/details/1241668?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді