
Бүгін, 2026 жылғы 16 маусым күні республикалық «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында Мойынқұм ауданында кезекті сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды. Табиғатты қорғау, қоршаған ортаның тазалығын сақтау және елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту мақсатында өткен шараға Қоғамдық жұмыстарға тартылған азаматтар мен «Жасыл ел» жастар еңбек жасағының мүшелері белсенді қатысты.
Сенбілік барысында қатысушылар аудан аумағындағы жасыл белдеуде тазалық жұмыстарын жүргізіп, аумақты арамшөптерден тазартуға ерекше көңіл бөлді. Жұмыс нәтижесінде шамамен 1 тоннаға жуық арам шөп шабылып, арнайы орындарға шығарылды. Сонымен қатар жасыл аймақтың санитарлық жағдайын жақсарту бағытында бірқатар абаттандыру жұмыстары атқарылды.
Іс-шара барысында жастар табиғатты аялау, қоршаған ортаны қорғау және туған өлкенің тазалығын сақтау әрбір азаматтың ортақ міндеті екенін тағы бір мәрте көрсетті. Экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған мұндай шаралар тұрғындардың қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттырып, жастардың қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына мүмкіндік береді.
«Таза Қазақстан» акциясы аясында өткізілетін жұмыстардың басты мақсаты – елді мекендердің көркін жақсарту, экологиялық ахуалды нығайту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру. Осы бағыттағы жұмыстар аудан көлемінде алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасын табатын болады.
Табиғатқа жанашырлық танытып, тазалық жұмыстарына белсенді қатысқан барлық азаматтар мен жастарға алғыс білдіреміз. Таза қоршаған орта – әрбіріміздің ортақ жауапкершілігіміз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-moyynkum/press/news/details/1241720?lang=ru

Жауап қалдыру