БӘЙДІБЕК: КЕНЕГЕ ҚАРСЫ ЗАЛАЛСЫЗДАНДЫРУ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАТАҢ БАҚЫЛАУДА

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
 
🔸Конго-Қырым қанды қызбасы – аса қауіпті ауру, оның алдын алудағы тиімді шаралардың бірі – кенеге қарсы залалсыздандыру жұмыстары.
 
🔸 Бүгін аудан әкімдігінің кіші мәжіліс залында аудан әкімі аппаратының басшысы Фазылбек Әуеннің төрағалығымен Конго-Қырым қызбасы ауруының алдын алу шаралары туралы мәжіліс өтті. Аталған басқосуға ауылдық округтердің әкімдері, тиісті сала мамандары қатысты.
 
🔸 Жиында Түркістан облысының ветеринария басқармасына қарасты “Ветеринариялық қызмет” мекемесінің аудандық филиал басшысы У. Қалдаров баяндама жасап, энзоотиялық бағытта қолға алынған іс-шаралар туралы баяндама жасады. Оның сөзінше, осы жылдың бірінші кезеңінде 89 480 ірі қара мал, 617 605 бас уақ мал тоғытылып, 3 млн шаршы метрден асатын қора жайлар залалсыздандырылған. Тиісті жұмымтар жалғасын табатын болады.
 
🔸 Сонымен қатар, аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының басшысы Д.Өмірзақов баяндама жасап, кене шағып медициналық көмекке жүгінгендердің саны өткен жылдағы көрсеткіштен азайғанын тілге тиек етті. Сондай-ақ тұрғындар тарапынан қора-қопсының уақтылы тазаланбайтындығы кененің көбеюуіне, бұл жағдай кененің жұмыртқа тастауына жағдай туғызатындығына алып келетіндігін айтты.
 
🔸 Өз кезегінде Фазылбек Әуен ауыл әкімдерін аталған мәселеге салғырт қарамай, тиісті мекемемен бірлесіп залалсыздандыру, тұрғындарды ескерту, түсіндірме жұмыстарын жандандыруды тапсырды. Әсіресе қораларды, олардың аумақтарын дәрілеуді қатаң бақылауға алу керектігін ескертті.
 
🔹 Аудан әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-baidibek-audany/press/news/details/1242504?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді