АППАРАТТЫҚ ЖИЫН ӨТТІ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✅Бүгін Департамент басшысы М.Бекмағанбетов департамент қызметкерлерімен аппараттық жиын өткізді.
✅Жиында білім беру саласындағы өзекті мәселелер қаралды.
✅Атап айтқанда, алдағы уақытта білім беру, сауықтыру қызметтерін көрсететін білім беру ұйымдарының білім беру қызметін лицензиялау жұмыстары, мониторинг жүргізу барысы, сондай-ақ, маусым айында білім беру ұйымдарына өткізілетін мемлекеттік аттестаттау мәселелері талқыланды.
✅Күн тәртібіндегі мәселелер бойынша жауапты мамандардың есептері тыңдалып, алдағы жұмыстардың басым бағыттары айқындалды.
✅Департамент басшысы заңнама талаптарының сақталуын қамтамасыз ету, мемлекеттік көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру және бақылау іс-шараларын уақытылы әрі нәтижелі жүргізу бойынша нақты тапсырмалар берді.
✅Сонымен қатар, «Қоғамда заң және тәртіп идеологиясын ілгерілету жөніндегі 2025-2030 жылдарға арналған тұжырымдаманы бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2025 жылғы 1 сәуірдегі №200 қаулысының ережелері талқыланды.
✅Қызылорда облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменті білім беру ұйымдарының қызметін қолданыстағы заңнама талаптарына сәйкестендіру және білім беру сапасын арттыру бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1242737?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді