
🔹«Заң мен Тәртіп» идеологемасын іске асыру аясында 2026 жылдың 18 маусымында сот орындаушыларының қызметін реттеу және бақылау бөлімі халық арасында «AdiletGov» мобильдік қосымшасы арқылы өтініштер беру мүмкіндіктері туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
🔹«AdiletGov» қосымшасы азаматтарға атқарушылық іс жүргізу туралы ақпаратты онлайн форматта алуға мүмкіндік береді. Қосымша арқылы атқарушылық құжаттардың бар-жоғын, олардың орындалу барысын және қабылданған шараларды білуге болады.
🔹Пайдаланушылар жеке сот орындаушысына тікелей жүйе арқала өтініш жолдай алады. Барлық өтунуштер заңда белгіленген мерзімде, әдетте бес жұмыс күні ішінде жеке сот орындаушысымен қаралады. Қосымшаны пайдалану атқарушылық іс жүргізудің ашықтығы мен қолжетімділігін арттырады.
Костанай облысы
Әділет департаментінін
Баспасез кызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-kst/press/news/details/1244019?lang=ru

Жауап қалдыру