
Қазақстан Республикасының «Білім туралы» Заңының 55-1-бабына сәйкес мемлекеттік аттестаттау білім беру ұйымдарының білім беру қызметінің тиісті білім беру деңгейінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (МЖМБС) талаптарына сәйкестігін айқындауға бағытталған және білім сапасы мен қолжетімділігін кешенді бағалау рәсімі болып табылады.
Қазақстан Республикасы Оқу-ағарту министрінің 2026 жылғы 30 сәуірдегі №114-НҚ бұйрығымен бекітілген «Меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың, бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарын мемлекеттік аттестаттаудан өткізу қағидаларына» сәйкес Департамент 2026 жылы мемлекеттік аттестаттауға жататын білім беру ұйымдарының тізімі негізінде мамыр–маусым айларында 44 мектепке дейінгі білім беру ұйымын мемлекеттік аттестаттаудан өткізді.
Қағидалар талаптарына сәйкес мемлекеттік аттестаттау барысында анықталған сәйкессіздіктерді жою үшін білім беру ұйымдарына белгіленген мерзім беріледі. Осы мерзім аяқталғаннан кейін ұйымдар Департаментке анықталған сәйкессіздіктердің жойылғанын растайтын ақпарат пен құжаттарды ұсынады.
Анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бағалау аттестаттау комиссиясының білім беру ұйымына баруы арқылы, ұсынылған құжаттарды зерделеу негізінде және бұрын анықталған сәйкессіздіктер шегінде жүзеге асырылады. Бағалау нәтижелері бойынша қорытындыда:
- білім беру ұйымы туралы мәліметтер;
- аттестаттау комиссиясының құрамы туралы мәліметтер;
- Қағидалардың 16-тармағында көзделген бағыттар бойынша бағалау нәтижелері;
- білім беру ұйымының білім беру қызметінің МЖМБС талаптарына сәйкестігі немесе сәйкессіздігі туралы шешім көрсетіледі.
Осы талаптарға сәйкес 2026 жылғы мамыр айында мемлекеттік аттестаттаудан өткен балабақшаға аттестаттау комиссиясы барып, бұрын анықталған сәйкессіздіктердің жойылуын бағалау жұмыстарын жүргізді. Бағалау нәтижелері бойынша тиісті қорытынды рәсімделді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-turkestan/press/news/details/1244241?lang=ru

Жауап қалдыру