ШЫМКЕНТ: АБАЙ АУДАНЫНДА ЖАЙЛЫ МЕКТЕП АШЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жаңа жыл қарсаңында Шымкентте бірқатар әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Қала әкімі Ғабит Сыздықбеков Нұршуақ елдімекеніндегі 2000 орындық жайлы мектептің ашылуына қатысты.

№149 Жалпы білім беретін орта мектепте интерактивті тақталар орнатылған 80 оқу кабинеті, асхана, бірнеше лингафондық компьютерлік сыныптар, зертханалық жұмыстарға арналған кабинеттер, кітапхана, шеберханалар, коворкинг-орталық қарастырылған. Спорттық инфрақұрылымға төрт зал және ашық ойындар мен ашық алаңдар кіреді. Сондай-ақ, қосымша сабақтар өткізу үшін кабинеттер де бар.

Айта кетейік, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы оқушы орындарының тапшылығы, апатты мектептерді жою және үш ауысымды оқыту мәселелерін шешуге бағытталған

Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/909536


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді