
Сандықтау аудандық мәслихатының төрайымы Гүлнара Сергейқызы Мұстафина аудан әкімінің және ауылдық округ әкімдерінің халықпен есептік кездесулеріне қатысып, Лесной, Жамбыл және Максимов ауылдық округтерінің тұрғындарымен жүздесті.
Кездесулер барысында ауылдық округтердің әлеуметтік-экономикалық даму қорытындылары шығарылып, елді мекендерді абаттандыру, әлеуметтік сала нысандарын жөндеу, инфрақұрылымды дамыту, халыққа сапалы мемлекеттік қызмет көрсету мәселелері қарастырылды.
Округ тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, ауылдарды одан әрі дамытуға қатысты ұсыныстарын білдіруге мүмкіндік алды. Көтерілген барлық мәселелер мен азаматтардың өтініштері жергілікті атқарушы органдармен және депутаттық корпуспен бірлесіп әрі қарай пысықтау үшін бақылауға алынды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-sandyktau/press/news/details/1248121?lang=ru

Жауап қалдыру