
2026 жылғы 19–23 маусым аралығында республика көлемінде жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жолаушылар тасымалы саласындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу және көліктік тәртіпті нығайту мақсатында «Автобус» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді.
Іс-шара барысында жолаушыларды тасымалдауды жүзеге асыратын автобустар мен шағын автобустарға жан-жақты тексеру жүргізілді. Полицейлер көлік құралдарының техникалық жай-күйін, жүргізушілердің жол қозғалысы қағидаларын сақтауын, көліктердің заң талаптарына сәйкестігін және жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету талаптарының орындалуын бақылауға алды.
Шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жүргізушілердің құқықтық жауапкершілігін арттыру, заңсыз жолаушылар тасымалдау деректерін анықтау және жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Полиция жол қозғалысына қатысушыларды заң талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Жолдағы тәртіп пен қауіпсіздік – әрбір азаматтың ортақ жауапкершілігі.
https://www.instagram.com/reel/DZ9Lbo-sjYm/?utm_source=ig_web_copy_link&igsh=MzRlODBiNWFlZA==
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1248702?lang=ru

Жауап қалдыру