САУРАНДА ЖАЛПЫХАЛЫҚТЫҚ СЕНБІЛІК АЯСЫНДА 15 ТОННА ҚОҚЫС ШЫҒАРЫЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
Сауран ауданының әкімі Мақсат Таңғатаровтың бастамасымен және қолдауымен Шорнақ ауылдық округінде елді мекендердің санитарлық тазалығын сақтау, қоршаған ортаның көркін жақсарту және тұрғындар арасында тазалық мәдениетін қалыптастыру мақсатында кезекті жалпыхалықтық сенбілік ұйымдастырылды.
Тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері, жастар және еріктілерді қоса алғанда 700-ге жуық адам белсенді қатысты. Сенбілік барысында 12 арнайы техника жұмылдырылып, ауыл ішіндегі көшелер, қоғамдық орындар, жол жиектері мен ортақ пайдаланылатын аумақтар тазартылды.
Нәтижесінде 15 тоннаға жуық тұрмыстық қалдық арнайы белгіленген орындарға шығарылды.
Сауран ауданында елді мекендердің санитарлық жағдайын жақсарту және тұрғындарға қолайлы өмір сүру ортасын қалыптастыру бағытындағы тазалық жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жалғасады.
©️Сауран ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/sauran-turkestan/press/news/details/1249404?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді