
Құқық бұзушылықтардың алдын алу аясында «Нефтехим LTD» компаниясында Экономикалық тергеп-тексеру департаменті мен полиция департаменті қызметкерлерінің қатысуымен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өткізілді.
Іс-шара барысында жасанды интеллекттің көлеңкелі жағына ерекше назар аударылды. Департамент өкілі жасанды интеллект технологияларын заңсыз мақсаттарда, соның ішінде жалған кескіндер, жалған аудио және бейне жазбалар жасау, сондай – ақ алаяқтық әрекеттер жасау үшін нейрондық желілерді қолдану тәуекелдерін түсіндірді.
Қатысушыларға цифрлық қатерлерді тану және кибер сауаттылық деңгейін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар берілді. Мұндай кездесулер цифрлық ортада қауіпсіз мінез-құлық мәдениетін қалыптастыруға және құқық бұзушылықтардың алдын алуға бағытталған.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/afm-pavlodar/press/news/details/1249603?lang=ru

Жауап қалдыру