Жалған ақпарат пен қауесеттерге қарсы іс-қимылдың заманауи әдістері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

24-25 маусымда Алматы қаласында Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығының базасында денсаулық сақтау саласындағы әлеуметтік тыңдау және қауесеттерге қарсы іс-қимыл мәселелеріне арналған екі күндік тренинг өтті.
Іс-шараға ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, Комитеттің, Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының өкілдері, сондай-ақ аумақтық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменттерінің мамандары қатысты.
Тренингтің мақсаты – әлеуметтік тыңдау және тәуекелдік коммуникация саласындағы мамандардың әлеуетін нығайту, сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы қауесеттерді, жалған ақпаратты және ақпараттық тәуекелдерді анықтау, талдау және оларға ден қою тәсілдерін жетілдіру.
Қатысушылар фактчекинг құралдарын, дағдарыстық коммуникация тәсілдерін, жалған ақпаратқа қарсы іс-қимыл тетіктерін және халықпен тиімді өзара іс-қимыл орнатудың ерекшеліктерін қарастырды. Тәжірибелік бөлімде нақты жағдайлар талданып, дағдарыстық ахуалдар модельденді және ақпараттық қатерлерге ден қою дағдылары пысықталды.
Тренинг MediaNet халықаралық журналистика орталығының⁠ сарапшылары мен EpiC Kazakhstan (FHI 360) жобасының⁠ қатысуымен ұйымдастырылды.
Іс-шара қорытындысы бойынша қатысушылар білімдерін қорытынды бағалаудан өткізіп, сертификаттарға ие болды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ksek/press/news/details/1249667?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді