
Алматы қаласы Әділет департаментінде сыбайлас жемқорлықтың алдын алу және мемлекеттік қызметте адалдық пен ашықтық қағидаттарын нығайту мәселелеріне арналған кеңес өтті.
Іс-шара барысында сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алу, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнама талаптарын сақтау, мемлекеттік қызметшілердің әдеп нормаларын ұстану және қызметтік міндеттерді адал әрі жауапкершілікпен орындау мәселелері қарастырылды.
Қатысушыларға заңдылық, ашықтық, әділдік және жеке жауапкершілік қағидаттарының маңыздылығы түсіндіріліп, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру бағытындағы жұмыстарға ерекше назар аударылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-almaty/press/news/details/1250981?lang=ru

Жауап қалдыру