
Бүгін денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Ермек Көкшетау жоғары медициналық колледжінің ұжымына жаңа басшы – Зарыккан Шаубаевты таныстырды.
Зарыккан Шаубаевтың денсаулық сақтау саласында көпжылдық еңбек тәжірибесі бар. Осы тағайындауға дейін ол Красный Яр ауылындағы алғашқы медициналық-санитариялық көмек көрсету орталығын басқарып, білікті басшы әрі өз ісінің кәсіби маманы ретінде танылды.
Кездесу барысында Нариман Ермек жаңа басшыға жауапты қызметінде табыс тілеп, колледждің одан әрі дамуына, медициналық кадрларды даярлау сапасын арттыруға және жаңа бастамаларды жүзеге асыруға сәттілік тіледі.
Колледждің бұрынғы басшысы Рүстем Молдағали академиялық жүктемесіне байланысты ғылыми-педагогикалық қызметін жалғастыру туралы шешім қабылдады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-zdrav/press/news/details/1251187?lang=kk

Жауап қалдыру