«Құқықтық дәріхана»- прокуратура қызметкерлері халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру жұмыстарын жалғастыруда.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қоғамда «Заң мен тәртіп» идеологиясын ілгерілету жөніндегі тұжырымдаманы іске асыру аясында 2026 жылғы 7 шілдеде Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы кезекті «Құқықтық дәріхана» апталық акциясын өткізді.

Акция барысында тұрғындарға тұрғын үй, еңбек, отбасы және өзге де құқық салалары бойынша тегін құқықтық консультациялар берілді.

Сонымен қатар азаматтарға мемлекеттік органдарға жүгіну тәртібі, алаяқтық профилактикасы мәселелері, ұрлықтың, отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың және өзге де құқық бұзушылықтардың алдын алу шаралары түсіндірілді.

Акция аясында облыс тұрғындарына 136 жеке құқықтық консультация берілді, сондай-ақ қатысушыларға қажетті көмек алу үшін заңнаманың неғұрлым талап етілетін нормалары мен уәкілетті мемлекеттік органдардың байланыстары түсіндіріліп ақпараттық жадынамалар табысталды.

Мәселен, Петропавл қаласының тұрғыны ажырасқан ата-аналардың кәмелетке толмаған баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау мәселесі бойынша құқықтық көмекке жүгінді.

Өтініш берушіге Қазақстан Республикасы Конституциялық Сотының 2026 жылғы 11 маусымдағы №86-НҚ «Атқарушылық іс жүргізу және сот орындаушыларының мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының 2010 жылғы 2 сәуірдегі 118-бабы 1-тармағының 2-бөлігінің Қазақстан Республикасының Конституциясына сәйкестігін қарау туралы» нормативтік қаулысының, сондай-ақ Қазақстан Республикасы Әділет министрінің 2023 жылғы 27 маусымдағы №416 бұйрығымен бекітілген «Жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу мөлшеріне»          сәйкес  баламен қарым-қатынас жасау тәртібін айқындау туралы істер бойынша жеке сот орындаушысының қызметіне ақы төлеу міндетін өндіріп алушыға жүктеу атқарушылық іс жүргізу шығыстарын борышкерге жүктеудің жалпы қағидаттарына сәйкес келмейтіні түсіндірілді.

Жыл басынан бері облыс прокуратурасы барлығы 25 акция өткізіп, онда 20000 астам азамат қабылданды.

«Құқықтық дәріхана» акциясы өз жұмысын жалғастыруда –әр сейсенбі сайын Петропавл қаласындағы «Рахмет» сауда үйінде және облыстың аудан орталықтарында (сауда-ойын-сауық орталықтарында, халыққа қызмет көрсету орталықтарында, мәдениет үйлерінде, аудандық ауруханаларда және т.б.) өткізіледі.

                                  Солтүстік Қазақстан облысының прокуратурасы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/prokuratura-sko/press/news/details/1254584?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді