Осы мақсатта Жаңасемей ауданында 2026 жылы жалдамалы тұрғын үйлердің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Бекітілген жоспарға сәйкес жалпы ауданы 1 300 шаршы метрді құрайтын екі пәтерлі 10 тұрғын үй салынуда.
Құрылыс жұмыстары келесі елді мекендерде жүзеге асырылуда:
Ертіс ауылдық округінің Мұқыр ауылында – 4 тұрғын үй;
Ертіс ауылдық округінің Прииртышское ауылында – 2 тұрғын үй;
Достық ауылдық округінің Шақаман ауылында – 4 тұрғын үй.
Қазіргі уақытта барлық құрылыс нысандарына қажетті құрылыс материалдары жеткізіліп, тұрғын үйлердің іргетасын қалау жұмыстары жүргізілуде.
Жауап қалдыру