
КЕНТАУДА ЖАЛПЫҚАЛАЛЫҚ СЕНБІЛІК ПЛОГГИНГ ФОРМАТЫНДА ӨТТІ
Кентау қаласында Мемлекет басшысының бастамасымен жүзеге асырылып жатқан «Таза Қазақстан» және Заң мен тәртіп республикалық экологиялық бағдарламасы аясында жалпықалалық сенбілік плоггинг форматында ұйымдастырылды.
Ерекше форматта өткен тазалық акциясы жарыс түрінде өткізіліп, қатысушылар белгіленген аумақтарды қоқыстан тазартып, қоршаған ортаны қорғауға өз үлестерін қосты. Плоггинг – жаяу жүру немесе жүгіру барысында айналаны қоқыстан тазартуды насихаттайтын экологиялық қозғалыс. Мұндай бастама тұрғындардың экологиялық мәдениетін қалыптастырып, қоршаған ортаға деген жауапкершілігін арттыруға бағытталған.
Тазалық шарасына қатысқан Кентау қаласы әкімінің орынбасары Болысбек Шәріпбеков және қала прокурорының орынбасары Турымов Файзулла қала тұрғындарын туған қаланың тазалығын сақтауға белсенді атсалысуға шақырып, қаланың көркеюі мен тазалығы әрбір тұрғынның азаматтық жауапкершілігі екенін атап өтті.
Сенбілікке мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері,прокуратура, полиция қызметкерлері, медицина өкілдері, жастар, еріктілер, жалпы 1500-ге жуық тұрғындар қатысып, қоғамдық орындар мен көшелерді қоқыстан тазартып, санитарлық тазалық жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде, 12 техника жұмылдырылып, 19 тоннаға жуық қоқыс шығарылды.Тазалық шарасында белсенділік танытып, көп қоқыс жинаған жастарға сыйлықтар ұйымдастырылып, марапаттар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-kentau-kalasy/press/news/details/1255373?lang=ru

Жауап қалдыру