ШҚО полицейлері амнистия туралы заңды іске асыру мәселелерін пысықтады

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО полицейлері амнистия туралы заңды іске асыру мәселелерін пысықтады

Бүгін Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде 1 шілдеде қабылданған «Жаңа Конституцияның қабылдануына байланысты амнистия туралы» Қазақстан Республикасының Заңын қолдану тәртібі талқыланды.

ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Қазбек Тақжановтың төрағалығымен өткен жиынға тергеу, криминалдық және әкімшілік полиция бөліністерінің басшылары мен учаскелік полиция инспекторлары қатысты.

Кездесу барысында заңның нормаларын іс жүзінде қалай қолдану керектігі, амнистияның кімдерге қатысты болатыны және процессуалдық шешімдерді қабылдау кезіндегі басты талаптар егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Департамент басшылығы заң талаптарын қатаң сақтай отырып, жұмыстың сапалы атқарылуына баса назар аударды. Амнистияға қатысты шаралардың заң шеңберінде, азаматтардың құқықтарын ескере отырып, уақтылы орындалуы бойынша нақты нұсқаулар берілді.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1255374?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді