
Шығыс-Қазақстан облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Қазақстан Республикасы Салық кодексінің 145-бабына сәйкес ірі салық төлеушілер мониторингін жүргізу барысында уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушылардан екенің хабарлайды:
1) салықтардың дұрыс есептелуін және салықтар мен бюджетке төленетін төлемдердің уақтылы төленуін (ұстап қалуды және аударуды) растайтын құжаттар мен жазбаша түсініктер;
2) қатысушының және оның еншілес ұйымдарының қаржылық есептілігін ұсынуды талап етуге құқылы.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушының талапты орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күнін құрайды.
Ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері бойынша бұзушылықтар мен алшақтықтар анықталған жағдайда, уәкілетті орган ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушыға бұзушылықтар мен алшақтықтарды өз бетінше жоюы үшін ірі салық төлеушілер мониторингінің нәтижелері жөнінде ұсыным (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – ұсыным) береді.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушы ұсыным табыс етілген күннен кейінгі он бес жұмыс күні ішінде:
1) ұсынымда көрсетілген бұзушылықтармен және алшақтықтармен келіскен жағдайда, анықталған бұзушылықтар мен алшақтықтарды жояды;
2) ұсынымда көрсетілген бұзушылықтар мен алшақтықтармен келіспеген жағдайда, бұзушылықтар мен алшақтықтардың жоқ екендігі туралы түсінікті (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – түсінік) ұсынады.
Уәкілетті орган бұзушылықтар мен алшақтықтарды, сондай-ақ қатысушының ұсынымға түсінікте баяндалған дәлелдерін негіздеу үшін ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушымен кездесу өткізеді.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушының баяндалған дәлелдерімен келіспеген жағдайда, уәкілетті орган түсінікті алған күнінен кейінгі отыз жұмыс күнінен кешіктірмей ірі салық төлеушілер мониторингі бойынша уәжді шешім (бұдан әрі осы параграфтың мақсатында – уәжді шешім) шығарады.
Уәжді шешім ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушыға ол шығарылған күннен кейінгі екі жұмыс күні ішінде ұсынылады.
Ірі салық төлеушілер мониторингіне қатысушының уәжді шешімді орындау мерзімі табыс етілген күннен кейінгі бес жұмыс күнін құрайды.
Уәжді шешімді орындамау салықтық тексеруді тағайындауға негіз болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-vko/press/news/details/1255375?lang=ru

Жауап қалдыру