
«Таза Қазақстан» республикалық экологиялық акциясы аясында Қалам-Қарасу ауылдық округіне қарасты Шұбалан ауылының кіреберіс және тас жол бойында сенбілік жұмыстары ұйымдастырылды.
Сенбілік барысында жол жиегі қоқыстан тазартылыпқоршаған ортаның тазалығын сақтау бағытында жұмыстар жүргізілді.
Таза әрі көрікті ауыл – әрбір тұрғынның ортақ міндеті. Барша ауыл тұрғындарын туған жердің тазалығын сақтауға, қоршаған ортаға жанашырлықпен қарап, тазалық шараларына белсенді қатысуға шақырамыз.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kostanai-zhangeldi-kalamkarasu/press/news/details/1255495?lang=ru

Жауап қалдыру