Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының «Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» тақырыбында учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің біліктілігін арттыруға арналған оқыту-семинар өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Алдағы әкімдер сайлауына дайындық аясында, 2026 жылғы                     08 тамызда Қордай ауылындағы Ш.Мұртаза атындағы НМ-де Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы «Жамбыл және Қаракемер ауылдық округтері әкімдерінің сайлауын ұйымдастырудың теориялық және практикалық негіздері» атты тақырыпта оқыту семинарын өткізді.

Семинардың мақсаты учаскелік сайлау комиссиялары мүшелерінің кәсіби деңгейі мен құқықтық сауаттылығын арттыру, Қазақстан Республикасының заңнамасына қатаң сәйкестікте сайлау үдерісін ұйымдастыру мен өткізуге бірыңғай көзқарасты қамтамасыз ету болды.

Іс-шараға N220, N221, N246, №247 учаскелік сайлау комиссияларының мүшелері қатысты.

Семинар УСК мүшелерінің біліктілігін арттыруға және алдағы ауылдық округтер әкімдерінің сайлауын ұйымдастыру мен өткізуге дайындыққа бағытталды.

Семинар бағдарламасына сәйкес баяндамалармен сөз сөйледі:

  1. Аудандық сайлау комиссиясы төрағасы А.Сырлыбаев «Ауылдық округтердің әкімдерін сайлау бойынша дауыс беру күні УИК іс-қимылдарының дәйектілігінің алгоритмі туралы» атап өтті.
  2. Аудандық сайлау комиссиясы төрағасының орынбасары Э.Күмекбай мынадай тақырыптар бойынша: «Сайлаушылар тізімін қалыптастыру, тізімге енгізу тәртібі және сайлаушылардың құқықтары туралы»; «Байқаушылармен, сенімді өкілдермен және БАҚ өкілдермен жұмыс жүргізу алгоритмі», «Сайлау күні сайлаушыларды тізімге енгізу және сайлаушылардың құқығы», «Сайлаушылардың дауыс беретін уақыт пен орны туралы хабардар етудің алгоритмі».
  3. Аудандық сайлау комиссиясының хатшысы Г.Ниязгулова мынадай тақырыптарды ашып көрсетті: «Мүгедектігі бар сайлаушылардың дауыс беруін ұйымдастыру туралы», «Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының 2025 жылдың 25 сәуіріндегі №15/22 қаулысына сәйкес жаңаланған хаттамалардың түрлері».

Дауыс беру барысында туындайтын практикалық жағдайларға, сондай-ақ стандартты емес жағдайларда шешім қабылдау алгоритміне байланысты кейстік сұрақтар талқыланды.

Содан соң сайлау заңнамасын білуге арналған тестілеу өткізілді, бұл қатысушылардың дайындық деңгейін анықтауға мүмкіндік берді.

 Семинар белсенді диалог форматында өтті, қатысушылар аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінен сұрақтар қойып, білікті жауаптар алды.

Қордай аудандық сайлау комиссиясының төрағасы А.Сырлыбаев семинар қорытындысын шығарып, алдағы сайлауға сайлау комиссияларының барлық мүшелерін сапалы дайындаудың маңыздылығын ерекше атап өтті.

 

 

Қордай аудандық аумақтық сайлау комиссиясы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-korday/press/news/details/1255682?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді