
Ақтау қаласы әкімінің тапсырмасына сәйкес қала аумағындағы жарық бағаналарын қалыпқа келтіру жұмыстары жүргізілуде.
Қазіргі таңда бұл жұмыстар 4, 4А, 9, 14 және 28-шағын аудандар аумағында атқарылып жатыр. Жұмыс барысында жарық бағаналары ретке келтіріліп, олардың техникалық жай-күйі тексеріліп, қажетті қалпына келтіру шаралары жүзеге асырылуда.
Сонымен қатар, жыл соңына дейін кей жоғары шағын аудандардың ішкі жарықтандыру желілерін күтіп ұстауға жауапты мердігер ұйым мемлекеттік сатып алу конкурстық рәсімдері аяқталғаннан кейін анықталатын болады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1255939?lang=ru

Жауап қалдыру