ДЕПАРТАМЕНТ БАСШЫСЫНЫҢ ЖАЛАҒАШ АУДАНЫНА ЖҰМЫС САПАРЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
✅Департамент басшысы Бекмағанбетов Мәди Бауыржанұлы жұмыс сапары барысында Жалағаш ауданындағы «Ақтерек» сауықтыру лагерінде балалардың жазғы демалысының ұйымдастырылуымен танысты.
✅«Ақтерек» сауықтыру лагерінде қазіргі уақытта 80 бала тынығуда, жалпы жазғы маусымда 452 бала демалады деп жоспарлануда.
✅Балалардың демалысын жан-жақты тиімді ұйымдастыру үшін лагерь педагогтермен, суда жүзу, дене тәрбиесі, музыкалық жетекшілермен қамтылған.
✅Сауықтыру лагерінде балалардың денсаулығын бақылайтын медициналық қызметкерлер жұмыс жасайды.
✅Іссапар барысында Департамент басшысы Жалағаш индустриалды-аграрлық колледжінің материалдық-техникалық базасымен және жаңа оқу жылына дайындық барысымен танысып, бірқатар ұсыныстар берді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-orda/press/news/details/1255994?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді