Құрметті Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының қызметкерлері, ардагерлері және табиғат жанашырлары!

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сіздерді Қазақстан мен Орталық Азиядағы тұңғыш қорық – Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойымен шын жүректен құттықтаймын!

Бір ғасыр бойы Ақсу-Жабағылы қорығы табиғатты қорғау ісінің алтын діңгегіне айналып, еліміздің бірегей табиғи мұрасын сақтауға өлшеусіз үлес қосып келеді. Осындай ғасырлық тарихтың артында бірнеше буын мамандарының адал еңбегі, кәсібилігі мен туған табиғатқа деген шынайы жанашырлығы жатыр.

Бүгінде қорық – Қазақстанның ғана емес, бүкіл әлемнің мақтанышы. Оның ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміндегі «Батыс Тянь-Шань» нысанының құрамына енуі – ұжымның табиғатты қорғау жолындағы қажырлы еңбегінің халықаралық деңгейде мойындалуы.

Ақсу-Жабағылының қалыптасуы мен дамуына үлес қосқан барлық ардагерлерге және бүгінгі күні осы қасиетті міндетті абыроймен атқарып жүрген қызметкерлерге шынайы алғысымды білдіремін.

Баршаңызға зор денсаулық, отбасыларыңызға амандық, ел игілігі жолындағы жауапты қызметтеріңізге толайым жетістіктер мен жаңа белестер тілеймін!

Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорығының 100 жылдық мерейтойы құтты болсын!

Данияр ТҰРҒАМБАЕВ
Қазақстан Республикасы Экология және табиғи ресурстар министрлігі
Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің төрағасы

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1257986?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді