“Таза Қазақстан” бағдарламасы мен “Заң мен Тәртіп” қағидаты

Жарияланды:

Автор:

категорияда

         “Таза Қазақстан” бағдарламасы мен “Заң мен Тәртіп” қағидатын іске асыру мақсатында Қызылащы  ауылдық округі бойынша аудан әкімдігінің 2026 жылгы 18 маусымдағы №46 өкіміне сәйкес құрылған ведомстворлық мобильді топ санитарлық тазалықтың сақталауын бақылау мақсатында ауыл аумағында рейдттік іс-шара жүргізілді.
         Рейд барысында көшелердің, қоғамдық орындардың, кәсіпкерлік нысандарының және тұрғын үйлерге іргелес аумақтардың санитарлық жағдайы зерделеніп, анықталған кемшіліктер бойынша тұрғындар мен кәсіпкерлерге түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Азаматтарға аумақтарды таза ұстау, тұрмыстық қалдықтарды белгіленген орынға шығару, арамшөптерді уақытылы ору және абаттандыру қағидаларын сақтау қажеттілігі түсіндірілді.
         Сонымен қатар, 2026 жылғы 1 шілдеден бастап абаттандыру қағидаларына енгізілген өзгерістерге сәйкес тұрғындар мен кәсіпкерлер өзіне тиесілі аумақпен қатар оның айналасындағы 5 метрлік аумақтың тазалығына да жауапты екені ескертілді.
         Қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
-алғаш рет құқықбұзушылық анықталған жағдайда ескерту немесе 86 500 теңге мөлшерінде айыппұл салынады;
-бір жыл ішінде қайталанған жағдайда 129 750 айыппұл қарастырылған;
-қоқысты белгіленбеген орынға тастағаны үшің 43 250 теңге айыппұл көзделген;
-кәсіпкерлік субъектілері үшің айыппұл мөлшері 1297 500 теңгеге дейін жетеді
         Қызылащы ауылдық округ әкімдігі тұрғындарды қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарап, өз аумақтарын ұқыпты ұстауға және ортақ тазалық мәдениетің қалыптастыруға шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-alakol-kyzylashy/press/news/details/1258045?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді