Маңғыстау ауданында білім беру ұйымдарындағы қауіпсіздік мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Маңғыстау ауданы полиция бөлімінің бастығы, полиция подполковнигі Қызылбаев Қуанышкерей Зәйденұлы аудан аумағындағы білім беру ұйымдарының басшыларымен кеңейтілген кездесу өткізді.

Кездесуге мектеп директорлары мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының (балабақша) басшылары қатысты. Жиын барысында білім беру ұйымдарындағы қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, құқық бұзушылықтардың алдын алу және балалардың қауіпсіздігін сақтау бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.

Кездесу барысында мектептер мен балабақшалардағы бейнебақылау камераларын Жедел басқару орталығына кезең-кезеңімен қосу, жаңадан салынатын білім беру ұйымдарын аталған жүйеге енгізу, техникалық қауіпсіздік талаптарын сақтау және жедел әрекет ету тетіктерін жетілдіру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар, білім беру ұйымдары мен полиция арасындағы өзара іс-қимылды нығайту, кәмелетке толмағандар арасындағы құқық бұзушылықтардың алдын алу, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету, интернет-алаяқтықтың алдын алу және балалар арасында қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру бағытындағы бірлескен профилактикалық жұмыстарды тұрақты жүргізу қажеттігі айтылды.

Кездесу соңында білім беру ұйымдарының басшыларына балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстарды күшейту, бейнебақылау жүйелерінің тиімді жұмысын қамтамасыз ету және полициямен тығыз байланыста жұмыс жүргізу жөнінде нақты тапсырмалар берілді.

Балалардың қауіпсіздігі – баршамыздың ортақ міндетіміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1258642?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді