Камералдық бақылау – салық органы салық төлеушінің (салық агентінің) қызметі туралы салықтық нысандарды, сондай-ақ өзге де құжаттар мен мәліметтерді зерделеу және талдау негізінде жүзеге асыратын бақылау іс-шарасы.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Камералдық бақылаудың мақсаты – салық төлеушіге (салық агентіне) анықталған сәйкессіздіктерді жою арқылы салықтарды және бюджетке төленетін басқа да міндетті төлемдерді есептеу мен төлеу жөніндегі салық міндеттемелерін өз бетінше орындауға мүмкіндік беру.

 Камералдық бақылау мынадай мәліметтерді салыстыру арқылы жүргізіледі:

 салық органдарындағы мәліметтерді, оның ішінде салықтық есептілікті;
 салық салу объектілері және (немесе) салық салуға байланысты объектілер туралы мемлекеттік органдардың мәліметтерін;
 салық төлеушінің қызметі туралы өзге де ақпарат көздерінен алынған мәліметтерді.

 Камералдық бақылау Қазақстан Республикасы Салық кодексінде белгіленген салықтық есептілікті тапсыру мерзімі өткеннен кейін тиісті салық кезеңі үшін талап қою мерзімі шегінде жүргізіледі.

 Камералдық бақылау нәтижесінде сәйкессіздіктер анықталған жағдайда, көлденең мониторингке қатысушыны қоспағанда, салық төлеушіге (салық агентіне) анықталған сәйкессіздіктер туралы хабарлама жолданады.

 Хабарламаны орындау мерзімі – ол тапсырылған күннен бастап 30 жұмыс күні. Егер салық төлеуші анықталған сәйкессіздіктермен келіспесе, оларды растайтын құжаттарды қоса бере отырып, түсіндірме ұсынуға құқылы.

 Хабарлама белгіленген мерзімде орындалмаған жағдайда:
 Қазақстан Республикасының аумағында интернет-платформа арқылы қызметін жүзеге асыратын шетелдік компанияның интернет-ресурсына және (немесе) интернет-платформасына қолжетімділік шектеледі;
 жоғарыда көрсетілген шетелдік компанияны қоспағанда, салық төлеушінің (салық агентінің) банк шоттары бойынша шығыс операциялары тоқтатылады;
 электрондық шот-фактураларды (ЭШФ) жазып беру тоқтатылады.

Сонымен қатар, анықталған сәйкессіздіктер бойынша салық органы салықтық тексеру жүргізуге құқылы.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kgd-abay/press/news/details/1258671?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді