
Ақтөбе облысы бойынша Халықты әлеуметтік қорғау саласындағы реттеу және бақылау Комитеті Департаментінде зейнетақы заңнамасы мәселелері бойынша Ашық есік күнін өткізу барысында зейнетақы заңнамасы мәселелері бойынша түсіндірмелер берілді
Іс-шара барысында азаматтарға зейнетақы төлемдерін тағайындау, еңбек өтілін есептеу, сондай-ақ еңбек өтілін растайтын құжаттар болмаған жағдайда оны растау тәртібі бойынша жан-жақты жауаптар берілді.
Департамент мамандары еңбек өтілін растайтын негізгі құжат еңбек кітапшасы болып табылатынын түсіндірді. Еңбек кітапшасы жоғалған немесе онда қажетті мәліметтер болмаған жағдайда еңбек өтілі архив анықтамаларымен, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтармен, жеке шоттармен, жалақы төлеу ведомостарымен және еңбек қызметі кезеңдерін растайтын өзге де құжаттармен расталуы мүмкін.
Сондай-ақ азаматтарға еңбек өтілін құжаттармен растау мүмкін болмаған жағдайда еңбек өтілін анықтау үшін заңды маңызы бар фактіні анықтау туралы арызбен сотқа жүгінуге құқылы екендігі түсіндірілді.
Ашық есік күні барысында азаматтар өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алып, зейнетақы заңнамасын қолдану мәселелері бойынша қажетті консультациялар алды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/enbek-aktobe/press/news/details/1259144?lang=ru

Жауап қалдыру