
11–16 шілде аралығында Түпқараған ауданының аумағында «Қауіпсіз жол» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау мәдениетін қалыптастыру және азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Іс-шара аясында Түпқараған аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерімен профилактикалық жұмыстар жүргізуде. Автобус жүргізушілеріне жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау, қауіпсіздік белдігін тағу, белгіленген жылдамдық режимін бұзбау, көлік құралын басқару кезінде ұялы телефонды пайдаланбау және мас күйінде көлік жүргізуге жол бермеу қажеттігі түсіндірілді.
Полиция қызметкерлері қоғамдық көлік жүргізушілерінің жолдағы тәртібі жолаушылардың қауіпсіздігіне тікелей әсер ететінін атап өтіп, заң талаптарын мүлтіксіз сақтауға шақырды.
Түпқараған аудандық полиция бөлімі жол қозғалысына қатысушыларды жолдағы қауіпсіздік талаптарын сақтауға және өзара жауапкершілік танытуға үндейді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1259193?lang=ru

Жауап қалдыру