«ЖАҢА ЖОЛ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

13–30 шілде аралығында Түпқараған ауданы аумағында «ЖАҢА ЖОЛ» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.

Іс-шараның негізгі мақсаты – азаматтардың әлеуметтік мәселелерін шешуге жәрдемдесу, құқықтық және әлеуметтік қолжетімділікті арттыру, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу.

Іс-шара барысында тұрғындарға жеке басын куәландыратын құжаттарды рәсімдеу, жұмыспен қамту, медициналық және психологиялық көмек алу, әлеуметтік төлемдер мен жәрдемақыларды рәсімдеу мәселелері бойынша кеңес беру жұмыстары жүргізілуде. Сонымен қатар азаматтарға тұрғын үй және отбасылық мәселелерді шешу жолдары бойынша түсіндіру жұмыстары ұйымдастырылуда.

Түпқараған аудандық полиция бөлімі тұрғындарды заң талаптарын сақтауға, қоғамдық тәртіпті бұзбауға және әлеуметтік мәселелер туындаған жағдайда тиісті мемлекеттік органдардың көмегіне жүгінуге шақырады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1259222?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді