Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Марат Пашимов медициналық ұйымдардың директорларымен орфандық ауруы бар пациенттерді дәрі-дәрмекпен қамтамасыз ету жүйесін жетілдіру мәселелері бойынша жұмыс кеңесін өткізді.
Кездесу барысында пациенттер тізілімін өзектендіру, емнің тиімдігін бағалаудың бірыңғай өлшемін енгізу, пациенттердің денсаулық жағдайын тұрақты бақылауды ұйымдастыру, сондай-ақ медициналық құжаттаманы сапалы дайындау және пациенттердің жағдайын мультидисциплинарлық топтардың қарауына ұсыну үдерісін жетілдіру мәселелері талқыланды.
Сонымен қатар пациенттерге кешенді медициналық көмек көрсетудің нормативтік-құқықтық негізін дамыту мәселелері қаралды. Соның ішінде медициналық-санитариялық алғашқы көмек деңгейінде және мамандандырылған оңалту орталықтарында медициналық оңалту қызметін жетілдіру бағыттары сөз болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/almaty-densaulyk/press/news/details/1262138?lang=ru

Жауап қалдыру