ШҚО Полиция департаментінде кадр жұмысының қорытындылары мен тәртіпті нығайту мәселелері талқыланды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО Полиция департаментінде кадр жұмысының қорытындылары мен тәртіпті нығайту мәселелері талқыланды

Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінде департамент бастығының орынбасары, полиция полковнигі С.Т. Манаповтың төрағалығымен 2026 жылдың бірінші жартыжылдығындағы кадр қызметтерінің жұмыс қорытындыларына арналған жедел кеңес өтті.

Кеңес жұмысына Жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқармасының, Арнайы және кәсіби даярлық басқармасының басшылығы мен жеке құрамы, сондай-ақ ШҚО ПД Ардагерлер кеңесі төрағасының орынбасары К.К. Кайрбаев және ШҚО ПД Тәлімгерлер кеңесі төрағасының орынбасары Б.К. Торғаев қатысты. Бейнеконференцбайланыс режимінде талқылауға өңірдің қалалық және аудандық полиция бөлімдерінің басшылары мен жеке құрамы қосылды.

Кеңес барысында қатысушылар кадр саясатының негізгі бағыттарын жан-жақты талқылады. Бөлімшелердегі кадр тапшылығын қысқарту, Қазақстан Республикасы ІІМ ведомстволық жоғары оқу орындарына кандидаттарды сапалы іріктеу, сондай-ақ тиімді идеологиялық және психологиялық жұмысты ұйымдастыру мәселелеріне ерекше назар аударылды.

Сонымен қатар қызметкерлердің кәсіби даярлық деңгейі мен ұжымдардағы моральдық-психологиялық ахуалды жақсарту шаралары қарастырылды. Қызметтік тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтауға баса мән берілді.

Жиынды қорытындылай келе, полиция полковнигі С.Т. Манапов жергілікті жерлерде қойылған міндеттерді сапалы орындаудың маңыздылығын атап өтті:

«Кадрмен қамтамасыз ету, қызметтік тәртіпті мүлтіксіз сақтау және ұжымдарда салауатты моральдық-психологиялық ахуал қалыптастыру – ішкі істер органдары жұмысының тиімділігінің іргетасы. Әрбір басшы бұл мәселелерді жеке бақылауда ұстап, ұрпақтар сабақтастығы мен жас мамандарға жан-жақты қолдау көрсетуді қамтамасыз етуге міндетті», — деп баса айтты ол.

Жедел кеңес қорытындысы бойынша бөлімше басшыларының алдына кадр жұмысын одан әрі жетілдіруге және заңдылықты нығайтуға бағытталған бірқатар нақты міндеттер қойылды, олардың орындалуы ерекше бақылауға алынды.

 

ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1262086?lang=ru


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді