
Қызылорда облысында “Заң мен тәртіп” қағидасы аясында пробация есебіндегі азаматтар арасында “Салауатты өмір салтын ұстанамыз!” тақырыбында шағын футболдан жарыс өткізілді.
Мақсаты – азаматтардың спортқа деген қызығушылығын арттыру, салауатты өмір салтын қалыптастыру және бұқаралық спортты дамыту. Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің жұмыспен қамту секторы және Қазалы ауданының дене тәрбиесі, спорт және туризм бөлімі бірлесе ұйымдастырған футбол жарысында пробация есебіндегі азаматтар үш командаға бөлініп, жоғары белсенділіктерін көрсетті. Жарыс қорытындысында “Барыс” командасы жеңіс тұғырынан көрініп, І орын иеленді. “Реал” командасы ІІ орынды, “Құлагер” командасы ІІІ орынды өзара бөлісті. Сондай-ақ нәтижелі ойын үлгісін көрсеткен ойыншыларға “Үздік қорғаушы”, “Үздік шабуылдаушы”, “Үздік ойыншы” және “Үздік қақпашы” номинациялары мен қаржылай сыйақылар табысталды. Қазалы аудандық прокуратурасының прокуроры Нұрсұлтан Бейбітәлі, Қазалы аудандық пробация қызметінің аға инспекторы Болатбек Мұратбаев, Қазалы ауданының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі басшысының орынбасары Ғалымжан Зинадинов жарыс қорытындысы бойынша командалар мен үздік ойыншыларды арнайы дипломдармен, медальдармен марапаттап, қаржылай сыйақылар табыстады. Айта кетейік, спорттық жарыс “Бас бостандығынан айыру орындарынан босатылғандар мен пробация есебінде тұрған азаматтарды қайта әлеуметтендіру және әлеуметтік бейімдеу” әлеуметтік жобасы аясында ұйымдастырылды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/duiskzl/press/news/details/1262412?lang=ru

Жауап қалдыру