
Павлодар облысында «Заң және тәртіп» қағидаты аясындағы жұмыстар жалғасуда. Полиция қызметкерлері қоғамдық орындардағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге және алкогольге қарсы заңнаманың бұзылуына жол бермеуге ерекше көңіл бөлуде.
Жыл басынан бері алкогольдік ішімдіктерді қоғамдық орындарда ішкені немесе қоғамдық орындарға мас күйінде келгені үшін 5 467 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Күн сайын «102» арнасына тұрғындардан ондаған хабарлама келіп түседі.
– Мәселен, Н. Назарбаев көшесінде полиция қызметкерлері қатты мас күйінде көпқабатты тұрғын үйдің кіреберісінің алдында ұйықтап қалған ер адамды анықтады. Ал Қайырбаев көшесіндегі тұрғындар үйдің кіреберісі алдында екі адамның ішімдік ішіп отырғаны туралы хабарлаған. Барлық құқық бұзушылар Уақытша бейімдеу және детоксикация орталығына жеткізілді, – деп хабарлады Павлодар облысы полиция департаментінде.
Алкогольдік масаң күйдегі адам көбіне өз әрекетін, қимыл-қозғалысын және эмоциясын бақылай алмайды. Мұндай жағдай оның өзіне де, айналасындағыларға да қауіп төндіруі мүмкін.
Полиция қоғамдық тәртіпті сақтау – айналадағы адамдарға деген құрметтің белгісі екенін еске салады. Тәртіп сақшылары азаматтарды заң талаптарын сақтауға, өз мінез-құлқы мен беделіне жауапкершілікпен қарауға шақырады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1262572?lang=ru

Жауап қалдыру